» » Руханият орталығының құрылысы аяқталуға жақын

Руханият орталығының құрылысы аяқталуға жақын


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, 2024 жыл облысымызда «Руханият жылы» деп жарияланды. Осы бағытта облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен және қолдауымен өңірдің барлық ауданында «Руханият» заманауи орталықтарының құрылысы жүргізілуде.

Осы орайда, біздің ауданымызда да «Руханият» орталығының құрылысы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Жалпы жоба құны 1 666,48 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы мердігер мекеме – «Иман» ЖШС, ал техникалық қадағалаушы – «Grand Urban» ЖШС.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылғы 19 сәуірде басталып, желтоқсан айында аяқталуы жоспарлануда. Құрылыс ұзақтығы 9 айды құрайды. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3 255,2 шаршы метр.

Заманауи ғимаратта, Мұражай, мұрағат, қоғамдық ұйымдардың кабинеттері және АХАЖ бөлімі және жастар орталығы орналастырылады. Заманауи кітапхана жұмыс істейтін болады.

Бұл орталық аудан тұрғындарының рухани дамуына, ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге және тарихи-мәдени мұраларды сақтауға зор ықпал ететін маңызды нысанға айналады деп күтілуде.

19 қараша 2024 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930