» » Облыс әкімі "Руханият орталығының" құрылысымен танысты

Облыс әкімі "Руханият орталығының" құрылысымен танысты


Биылғы «Руханият жылында» Сыр өңіріндегі 7 ауданның барлығында музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтарын біріктіретін, типтік үлгідегі «Руханият орталықтары» салынуда. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары кезінде аталған орталықтың құрылыс барысын көрді.

Жосалы кентіндегі «Руханият орталығының» құрылысы сәуір айында басталған. Мердігер мекеме «Иман» ЖШС жұмысты желтоқсан айында аяқтамақ.

Еске салсақ, Сыр елінің жауһар жәдігерлерін сақтап, келер ұрпаққа жеткізуді, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуді, тәуелсіздіктің қасиет-құндылығын ұғындыруды жүйелі әрі тұрақты негізде, бір орталықтан жүргізу мақсатында «Руханият орталықтарын» салу туралы шешім қабылданған болатын. Бұл – әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа оңтайландыру арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тың жоба.

Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын тиянақты жүргізіп, нысанды уақытылы пайдалануға беруді тапсырды.

Айта кетейік, мерейлі жылдың Наурыз мерекесінде облыс орталығындағы 1000 орындық «Өнер орталығы» пайдалануға берілді. Қызылорда қаласының сол жағалауынан облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының құрылысы басталды. Жыл соңына дейін Сыр өңірінің жазба мәдениетін насихаттайтын «Алаш әдебиеті» музейі ашылады. Облыс орталығында «Шығармашылық академиясы», екі ауданда «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектептерінің» құрылысы жүруде. «Саутс ойл» компаниясының демеушілігімен мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне өзіндік үлесін қосқан Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты салынуда.

Өткен жылдан бері қасиетті мекеннің абыройын асырып, бақ-беделін сақтауға үлес қосып жүрген мәдениет және өнер, әдебиет өкілдеріне облыс әкімінің «Тұран» арнайы сыйлығы табысталды. Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында республикада алғашқы болып 171 мәдениет үйі мен клубтарда 7 бағыт бойынша «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығы» жобасы іске асырылуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 тамыз 2024 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930