» » Құрылыс жұмыстарын қадағалады

Құрылыс жұмыстарын қадағалады

Дүниенің төрт бұрышы мен ғарыштық кеңістікті ұштастырып жатқан, барша түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт баба мәңгілік қоныс тепкен, жүз шайыр мекені болған ауданымыз жылдан-жылға дамып келеді. Аудан халқының әл-ауқатын арттыру мен экономикасын нығайту бағытында біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесі де көз қуантарлықтай.
Құрылыс саласының дамуы, елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайының арта түсуіне тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары ауданда құрылыс саласы қарқынды дамуда. Жуырда аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар құрылыс нысанын аралады. Бірінші кезекте аудан басшысы құрылысы жүріп жатқан «Руханият орталығының» жұмысымен танысты. Орталықтың құрылысы наурыз айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Аталған ғимаратқа музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары секілді бірқатар тарихи-мәдени, рухани ұйымдар біріктіріледі.
Мұнан соң аудан әкімі Жосалы кентінің төлқұжаты орналасатын орынды көрді. Осыған сәйкес тиісті сала басшыларына жұмыстарды жоспарға сай және сапалы атқаруды тапсырды. Сондай-ақ сәрсенбі күні аудан басшысы бірқатар елді мекенді аралап, құрылыс нысандары мен жол жөндеу жұмыстарын бақылады. Алдымен Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдық округтерінде құрылысы жүріп жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысын бақылады. Сала басшылары мен жауапты мердігерлерге құрылыс нысандарының құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Одан кейін аудан әкімі Ақжар, Дауылкөл ауылдық округтерінде болып, елді мекен төлқұжаттарының құрылысы мен жақында пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияларда қаншалықты тұрғындарға қолайлы жағдай жасалғанын бағамдады. Сондай-ақ санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстарын да қадағалады.
Жұмыс сапарының соңында аудандық маңыздағы «Ақжар-Көмекбаев» автомобиль жолына қатысты жауапты мердігерге жол жөндеу жұмыстарын сапалы етіп жасауды және уақытылы бітіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 сәуір 2024 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031