» » ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ


«Руханият» орталығында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып, құтқару қызметі саласының мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Биыл Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы дата аясында аудан тарапынан азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізіп, сала мамандарын мерейлі мерекемен құттықтады

Салтанатты қабылдау барысында ел қауіпсіздігі жолында абыроймен еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, олардың ел қауіпсіздігі жолындағы еңбектері атап өтілді.

Шарада аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Өмірбек Сақтабаев сөз алып, әріптестеріне ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар сала ардагері Нұрлыбек Шынарбаев та мерекелік лебізін жеткізді.

Іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Құтқарушылардың еңбегі – уақытпен санаспайтын ерлік. Осындай кездесулер сала қызметкерлерінің рухын көтеріп, ынтымақ пен бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.

23 қазан 2025 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930