» » Қармақшыда құтқарушылар күні аталып өтті

Қармақшыда құтқарушылар күні аталып өтті


19 қазан - құтқарушылар күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбек сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

— Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нәтижелі қызмет атқарып келесіздер. 2024 жылдың 9 айында ауданымызда төтенше жағдайлар саны 22%-ға азайған, өрт қауіпсіздігі мен суда орын алған оқиғалар бойынша да оң нәтижелер бар. Бұл тиісті сала қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетеді. Бүгінгі төл мерекелеріңізде Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! — деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, азаматтарды құтқару қызметінде табысты еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандарын марапаттады.

Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ізгі лебізін білдіріп, батасын берді.

Шара барысында аудан басшысы штаб жұмысымен және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

20 қазан 2024 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 967
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930