» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіби мереке - 23 маусым- Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықов ашып, мемлекеттік басқару саласындағы адал еңбек пен жауапкершілік туралы сөз қозғап, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстан полициясы күніне орай құқық қорғау органдарының өкілдеріне де ізгі тілегін білдіріп, ел тыныштығы жолындағы еңбектеріне алғыс айтты.

Жиын барысында мемлекеттік қызметкерлердің ата-аналарына жоғары ілтипат көрсетілді. Оларға Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты табысталып, бала тәрбиесіндегі еңбектері мен үлгілі өнегелері үшін ризашылық білдірілді.

Сонымен қатар, кәсіби міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен және саланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан мамандар аудан әкімінің арнайы марапаттарымен табысталды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған шағын футбол турнирінің нәтижесінде жеңімпаз командалар да салтанатты жиын барысында арнайы марапатқа ие болды. Оларға аудан әкімінің атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Салтанатты жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов құттықтау сөз алып, мемлекеттік қызметшілердің ел игілігі жолындағы ерен еңбегін ерекше атап өтті. Олар халыққа сапалы қызмет көрсету, тұрақтылық пен өркендеуге үлес қосудағы рөлінің маңыздылығына тоқталып, барлық қызметкерлерге алғыс білдірді.

Іс-шара мерекелік марапаттау рәсімімен және естелік фотосуретке түсумен қорытындыланды.

23 маусым 2025 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930