» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ


4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі Рәміздер алаңында салтанатты іс-шара өтті.

Патриоттық шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, ардагерлер, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жастар мен мекеме қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік Әнұран орындалып, рәсім салтанатты түрде ашылды. Аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, рәміздерге құрмет білдіру – әр азаматтың парызы екенін атап өтті.

Іс-шара барысында жас мемлекеттік қызметшілер халыққа адал қызмет етуге ант беріп, бірқатар сала мамандары Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының патриоттық әндерімен жалғасып, қатысушыларға ерекше рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

05 маусым 2025 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930