» » Қармақшыда Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

Қармақшыда Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті


Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.

Патриоттық іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан ардагерлері, мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар қатысты.

Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталған шарада аудан басшысы сөз алып, елдігіміздің белгісі саналған рәміздерді құрметтеу туралы сөз қозғап, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік Рәміздерімізді насихаттау, мәртебесін нығайту жолында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды және атаулы күнге орай ұйымдастырылған марафон жеңімпаздарын марапаттады.

Мерекелік шарада құқық қорғау органдарына алғаш қызметке қабылданған қызметшілер Отан алдында абыройлы да адал болуға, бар күш жігерін салып халыққа қызмет етуге ант берді.

Мерекелік шара аясында патриоттық әндер шырқалып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мемлекеттік Ту көтерген автошеру де жиынға ерекше сән келтірді.

04 маусым 2024 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930