» » Патриоттық рух тербеген күн

Патриоттық рух тербеген күн


Патриот дегенімізде Отанын, елін, жерін сүйетін азамат елестейді. Бұл шынында да солай. Туған ел мен жерін қадірлеген адам сол елге қызметін жасап, құрметін арттырады. Оқып, білген-түйгенін сол мекеннің өркендеуіне жұмсап, қасиетін еселейді. Сол үшін де кез келген мемлекетте Отанды сүю, қастерлеу махаббаты – бәрінен биік тұрады. Біздің елімізде де дәл солай. Тұғыры биік тәуелсіз мемлекетіміздің қастерлі мерекесі – сөзіміздің айнымас айғағы.
Ардақты ақсақалдың да, жалынды жастың да жүрек толқынысымен қарсы алатын мемлекеттік мерекесі 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шарасы біздің ауданымызда да жоғары деңгейде аталды.  
Патриоттық іс-шараға аудан басшысы, ардагерлер, аудандық мәслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, сала бойынша мекеме басшылары мен қызметкерлер қатысып, мерекенің куәсі болды. Көкірек тұсына қолын қойған жиналған қауым, мемлекеттік Әнұранның сөзіне ілесіп, рухани күш алса, көк аспанда желбіреген көк Туға қарап, толқымау мүмкін емес.
Салтанатта құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Жандос Еркінбек елдігіміздің белгісі һәм нышаны саналатын Рәміздерді құрметтеу туралы айтып, көпшілікке мерекелік жылы лебізін білдірді.
– Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту – әрбір азаматтың борышы. Тәуелсіздіктің тұмары – Рәміздер күні құтты болсын. Көк байрағымыз еркіндікте желбіресін. Елімізге бақ-береке, отбастарыңызға амандық, бірлік тілеймін. Егенмендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз мәңгілікке тұғырлы болғай, – деді ол халыққа арнаған құттықтауында.
Іс-шара аясында патриоттық әндер шырқалып, жиылған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мемлекеттік Ту көтерген автошеру тізбегі де жиынға ерекше үн қосып, мерекенің мазмұнын арттырды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
06 маусым 2023 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930