» » Аудан әкімі мерекемен құттықтады

Аудан әкімі мерекемен құттықтады



ҚҰРМЕТТІ АУДАН
ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке баршамызды біріктіре түседі, патриоттық сезімді оятады. Біздің Мемлекеттік рәміздер халқымыздың тарихы мен тағдырын, ұлы мақсаттарға ұмтылысын білдіреді.
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында төл рәміздеріміз бекітілген тарихи сәт – ерекше орын алады. Халқымыздың мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің біртұтас белгісі – мемлекеттік нышандар. Мемлекет басшысы «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын. Елдігімізді бейнелейтін Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын көтеріп, ұлттық нышандарын айғақтайтын айрықша қастерлі белгілер.
Мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше орын алады. Қыран бейнелі көк туы­мыз, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыз, әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні, тәуелсіз еліміздің ресми белгілеріне айналды.
Қадірлі қармақшылықтар!
Әрқашанда Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Мемлекеттік Туымыз көк аспанда қалықтап, әсем әуенді Әнұранымыз шырқала берсін!
Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Мұса Қалдарбеков
04 маусым 2021 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728