» » Аудан әкімі құттықтады

Аудан әкімі құттықтады

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің Мемлекеттік рәміздер халқымыздың тарихы мен тағдырын, ұлы мақсаттарға ұмтылысын білдіреді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданған болатын.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі.

Бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады. Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздеріміз дүниеге келген сәт – ерекше орын алады. Мемлекеттік рәміздеріміз тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы, ізгі сезімдерді адамдардың жан дүниесіне сіңіруге қызмет етеді. Қыран бейнелі көк туымыз, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыз, әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні, тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін тарихымыздағы ресми белгілерге айналып келеді.

Біздің ұлттық Туымыз бүгінде БҰҰ штаб-пәтерінің үстінде желбіреп, әнұранымыз Олимпиадада және басқа да халықаралық жарыстарда шырқалады. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш!
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз.

Ардақты ағайын!
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін.

Қазақ елінің мәртебесі биіктеп, Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет арта берсін. Елімізде тыныштық болып, көк туымыз биікте желбіреп, елтаңбамыз әлемге танылып, әнұранымыз шалықтап шырқалатын күндер көп болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

02 маусым 2020 ж. 1 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031