Байқоңырлық нұротандықтар «Рәміздер тәуелсіздік тұмары» атты кездесу өткізді.

Осы құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңдіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филилы «Рәміздер тәуесіздік тұмары» атты тақырыпта «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге студенттермен қатар колледж оқытушылары қатысып, мемлекеттік рәміздеріміздің құндылығы турасында ойларын ортаға салды. Мәселен, тарих пәнінің оқытушысы Алтай Сатпенов «Қазақтың көк Туын ғарышкерлер ғарыш кемесімен бірге алып ұшып, жеті қабат көктің жүзіне көтерсе, альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына қадады, дүлдүл спортшыларымыз Әнұранмен бірге басқа елдердің алдында абырой биігіне көтере желбіретуде.» деп студентерге тәуелсіздігіміздің тұмары болған рәміздер күнінің маңыздылығын асқан патриоттық сезіммен тоқталып өтті.
Кездесу барысында жастар рәміздер туралы дайындалған арнай деректі фильмді тамашалап, патриоттық сезіммен тәуелсіздігіміздің айғағы болған мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеу баршаның азаматтық борышы деген шешімге келді.
Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Әнуар Дауленбаев «Кез келген халықтың мәдениеті мен мемлекетшілдігін ұлттық рәмізін сыйлау деңгейіне қарап, бағалап жатады. Осылай Мемлекеттік рәміздерімізді қадірлей білсек, дос-дұшпан алдында мәртебеміз асқақтары анық. Ендеше, Елтаңбамыз айқын, Туымыз биік, әнұранымыз асқақ болсын!» деген тілегін білдіріп кездесуді аяқтады.