» » Мемлекеттік қызметкердің әдебі сараланды

Мемлекеттік қызметкердің әдебі сараланды


Жуырда аудан әкімінің орынбасары әрі Әдеп жөніндегі уәкілі Әділ Қошалақов мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормасын бұзбауды және оны алдын алу мақсатында жиын өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерге қойылатын талаптарға тоқталып өтті. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттердің сақталуы, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік қызмет алуы кезінде оларға қажетті жағдай жасалуы, олардың қолжетімді ақпарат алуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуы жайлы сөз етті. Кездесуге қатысқан азаматтар өзара пікірін ортаға салды.  Бұл кеңестің ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің теріс қылығын теру емес,  керісінше қызметтік әдеп нормасын бұзушылықтың алдын алуға басымдық береді. 
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
15 наурыз 2018 ж. 1 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 712
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31