Жоғарғы оқу орнының студенттерімен кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Тілектесұлы Бердалин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапар жұмысын департамент директоры А. Бердалин Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорлық – оқытушылық құрамымен және студенттер қауымымен кездесуден бастады. Студенттермен кездесу барысында университеттің облыстың іргелі оқу орны ретінде еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқандығын және көпшілікке белгілі тұлғалардың осы білім ордасынан түлеп ұшқандығын ерекше атап өтті. А. Бердалин сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бағытындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтарына кеңінен тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Агенттіктің кадрлық саясатының басымды бағыттарының бірі болып отырғандығын және оған байланысаты келетін өтініштер жедел және әділ тәртіпте қарастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол студенттер қауымын елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралармен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және электронды қызмет көрсетуді дамыту мәселесімен кеңінен таныстырды. Кездесуде барысында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.