» » Ту, Елтаңа, Әнұран- тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз

Ту, Елтаңа, Әнұран- тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз

Аудандық кітапхананың «Коворкинг » орталығында «Ту, Елтаңа, Әнұран-тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз» атты пікір – пайым басқосуы болып өтті. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы–мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. «Мемлекттік рәміздер–еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Пікір-пайым басқосуын әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Гауһар Төлегенқызы жүргізіп отырды. Басқосуды алаудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлшара Бөгенбайқызы ашып, өз ойын ортаға салды. Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.- деді. Ендеше пікір-пайым басқосуын бастаймыз. Тақырып сай ұйымдастырылған кітап көрмесіне кітапханашы А.Қарашаева шолу жасады. Кітапханашылар Г.Сығайбаева, Д.Қосназаровалар Ту, Елтаңа, Әнұран жайлы түсінік берді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Пікір-пайым басқосуына қатынасушылар Қазақстан: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен-Еңселі Әнұранымен айбатты ел! Бола берсін!-деп тарасты.

05 маусым 2019 ж. 1 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 680
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031