» » Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Бүгін Жосалы кентінің Рәміздер алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай кең көлемді іс-шара өтті. Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған жиында сөз алған аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудан тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер мерекесімен құттықтады.
– Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз, – деді аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде.
Мерекелік іс-шарада аудандағы жас мемлекеттік қызметшілер Отан алдында абыройлы да адал болуға, бар күш жігерін салып халыққа қызмет етуге ант берді.
Сондай-ақ Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға байланысты мерекелік іс-шаралар соңы авто және вело шерулермен жалғасты.
«4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өткізіліп, аудан өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
04 маусым 2022 ж. 1 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031