» » ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ПАТРИОТТЫҚ ШЕРУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ПАТРИОТТЫҚ ШЕРУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ


4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – халқымыздың біртұтастығын, Тәуелсіз еліміздің тұғырын бейнелейтін Ту, Елтаңба және Әнұран сынды мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету күні. Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айқын белгісі, ұлттық мақтанышымыз.

Осы айтулы күнге орай Қармақшы ауданында кең көлемде шаралар ұйымдастырылды.
⠀
Атап айтқанда, аудан орталығы – Жосалы кентінде салауатты өмір салтын насихаттау мен ел Тәуелсіздігінің басты нышандарын ұлықтауға бағытталған велошеру өткізілсе, патриоттық рухты көтеріп, қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында автошеру ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында жеңіл атлетикадан марафон өткізіліп, жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар табысталды.

Іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, спортшылар мен жастар белсене қатысып, отансүйгіштік сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өткізілді.

04 маусым 2025 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 226
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 404

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30