«ТАБЫС ЖОЛ» ТҮРЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Облыстық білім басқармасының «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шара жоспарына сәйкес аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 қыркүйек күні №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейту, еңбек адамына құрмет қалыптастыру және болашақ мамандықты қызығушылық, қабілет пен жеке құндылықтарға сүйеніп таңдауға ықпал ету мақсатында кедесу ұйымдастырылды. Кездесуге түрлі сала мамандары ардагер ұстаз Дәмелі Қожахметқызы Жалғасбаева, жеке кәсіпкер Рабиға Жайбергенқызы Балғабаева, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы Раймбаева, полиция подполковнигі Оспан Қосжанұлы Ешжанов, өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ғабит Бейсенбайұлы Құлмаханов, «Халық» банк филиалының директоры Нұрбол Мұқашұлы Үсенов, жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Даурен Кәрімұлы шақырылды.
«Менің кәсіби жолым» бөлімінде қонақтар мамандықты таңдау себептері, білім алған орындары, алғашқы еңбек тәжірибесі, жетістіктері және кәсіби жолда түйген басты сабақтары туралы әңгімеледі. Ашық сұхбат пен «Қысқа сұрақ – нақты жауап» бөлімінде мамандар өз жұмыстарын сипаттап, қажетті дағдылар, мамандықтың қиын әрі қызықты қырлары, кәсіби ұстанымдары және қателіктен алынған сабақтар жөнінде ой бөлісті.
Еркін микрофон кезеңінде оқушылар мектепте қалыптасқан дағдылардың еңбек жолындағы маңызы, мамандықтар туралы қате түсініктер, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектінің салаларға әсері, сондай-ақ белгілі бір кәсіпке қызыққан оқушының бүгіннен бастап атқара алатын әрекеттері туралы сұрақтар қойды. Кездесу оқушылардың орындауындағы «Балбырауын» күйімен жалғасып, қорытынды сөзбен қорытыланды.

















