» » КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ

КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ


Бүгін «Өз қабілетіңді таны: дұрыс мамандықты қалай таңдауға болады?» тақырыбында кәсіби бағдарлау форумы аясында тірек мектеп базасында магниттік мектептердің 9 және 11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ сынып жетекшілерімен кезекті жұмыс ұйымдастырылып өткізілді.

Форумның мақсаты: оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауларына көмектесу, өз қабілеттері мен қызығушылықтарын тануға бағыт беру, жеке мақсат қою дағдыларын қалыптастыру және кәсіби бағдарлау бойынша бағыт-бағдар көрсету.

Форум барысында тірек мектеп ретін мұғалімдеріміз магниттік мектептердің педагогтерімен бірлесе келесі тақырыптарда тренинг сабақтар өтті. Олар «Мамандық әлеміне жол бастаушы – ұстаз», «Кәсіби бағдардың кілті – мұғалім қолында», «Мамандық әлемі өзгереді!», «Өз жолыңды тап: қабілет пен арманның тоғысқан тұсы», «Арман – мақсатқа, мақсат – мамандық», «Болашаққа жол аш: өз бағытыңды бүгін таңда!», «Қабілетіңді аш – болашағды жарқын ет», «Еңбек – өміріңді LEVEL UP етеді», «Арманыңды мақсатқа айналдыр» және маман иелерімен кездесіп, тәжірибелік жұмыс жұмыс көрсетті.
Форумға қатысқан оқушылар өздерінің қабілеттері мен қызығушылықтарын бағалап, болашақ мамандықтарын саналы таңдау қажеттігін ұғынды. Алынған ақпараттар кәсіби бағдарды нақтылауға, жеке мақсаттарын анықтауға және білім алуға деген мотивацияларын арттыруға ықпал етті.

Форум соңында тірек мектептің және магниттік мектеп педагогтері жұмыс тәжірибесімен бөліскені үшін аудандық білім бөлімінің сертификаттары табысталды.

06 желтоқсан 2025 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930