Аудандық семинар болып өтті
Білім бөлімі бойынша әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес №107 орта мектебінде 2024 жылғы 30 сәуір күні “Жаңа форматтағы кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігі” тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Оқушылардың келешек мамандық таңдаудағы дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда кәсіби бағдар беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатындағы өткізілген семинарға Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Аяшева Мираш Әбдіхалыққызы және мектеп директорларының бейінді бағдарлары орынбасарлары қатысты.
Шара барысында семинарға қатысушылар “ҰБТ-ға сеніммен барайық” тақырыбында тренинг сабақ, “Мамандық таңдау - болашақты таңдау” атты тәрбие сағаты, “Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!” атты сыныптан тыс жұмыс, 11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Мамандық таңдау - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау” атты қорытынды кездесу кешін тамашалады. Кездесу кешіне ауылымыздан шыққан әр түрлі салада түрлі мамандық бойынша қызмет етіп жүрген мамандар, талай жыл өз мамандығының игілігін көріп, халқына қызмет етіп жүрген Нәзікбаев Дастан Мырзабекұлы, Тілеубергенов Достық Жақсыбайұлы, Ералиев Төлеу Айманұлы, Байменов Нұрлыбек Ештайұлы, Жақсыбаев Сәкен Асхатұлы ағаларымыз келіп, оқушыларға тың пікірлермен ақыл-кеңестерін айтып, жас түлектерге болашақта мамандықты дұрыс таңдап, жақсы маман иелері болуға шақырды.