» » "Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал"

"Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал"

qarmaqshy-tany.kz Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Осыған орай, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде мектеп директорының бейін-бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Алтруова Айнұрдың ұйымдастыруымен "Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен, ата-аналармен кездесу кеші болып өтті.
Кештің мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту. Кеш барысында ата-аналардың пікірлері тыңдалып,оқушыларға мамандық жайлы түрлі мәліметтер берілді.
Шарада мектеп психологі А.Смайлова ата-аналармен тренинг өткізді. Кездесу кешінде мектеп директоры Г.Ж.Мұнарбаева қорытынды сөз сөйлеп, ата-аналарға алғысын білдірді.
02 желтоқсан 2022 ж. 914 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930