» » Мамандық таңдауға кеңес берілді

Мамандық таңдауға кеңес берілді

Жосалы кенті орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітіруші түлектерімен кездесу өтіп, қазіргі қоғамдағы қажетті мамандықтарды таңдауға кеңес берілді. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген кездесуге аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» директоры О.Мұнарбаев, белгілі ұстаз, білім беру ісінің үздігі Р.Қаратаева, аудандық мәслихат депутаты А.Скендіров, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары А.Жаналиев, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Е.Сәдуұлы тағы басқа сала мамандары қатысты.
Алғашқы сөзді №250 мектеп-лицейінің директоры Г.Мұнарбаева алып, мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталып, пікірімен бөлісті.
Кездесу барысында оқушыларға сала мамандары ауданымызға қажетті мамандар туралы ойларымен бөлісіп, кеңесін айтты. Сөз кезегінде оқушылар мамандық иелеріне сұрақ қойып, тұщымды жауап алды.
Айта кетерлігі №250 мектеп-лицейдің жанындағы жатақханада ауылдық елді мекендерден келген дарынды балаларға арналған тәрбиеленушілер білім алуда.
Бүгінде жатақханада жатып, білім нәрімен сусындаған түлектер қоғамда өз орындарын тауып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Соның бірі айтыскер ақын Сырым Әділбековтың өзі де осы мектептің түлегі.
Кездесуді ұйымдастырған жатақхана тәрбиешілері Э.Қойшыбаева, А.Жетпісбаева арнайы дайындаған слайд арқылы мектеп түлектеріне мамандықтардың маңыздылығына тоқталып, оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді. Білім ұясының шәкірттеріне болашақта мамандық таңдаудың қыр-сыры түсіндіріліп, кәсіби бағыттары жан-жақты айқындалды.
Мамандықты дұрыс таңдамаудың зардабы оқушының тек өзіне ғана емес, отбасына, қоғамға да тиетіні белгілі. Мамандықты таңдауда кателесіп, кейін жұмыс таба алмай жүретіндер де аз емес. Сондықтан бүгінгідей шараның жиі-жиі ұйымдастырылып тұруының септігі мол дейді оқушылар.
Кездесуді тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Алтыруова, Г.Аяпова қорытындылап, қатысқан сала қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 ақпан 2021 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930