» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨМІРІҢІЗДІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨМІРІҢІЗДІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ

Жосалы кенті орталығындағы №250 мектеп - лицейде «Білім биігіне бізбен бірге» тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің аудандық форумы өтті. 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастырған форумында мектеп бітіруші 500-ге тарта түлекке мамандық таңдауда бағыт – бағдар берілді. 

Форум жұмысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы: 
– Әр білім ордасы үшін оның ең үлкен жетістігі – олардың табысты түлектері. Әрбір түлек алтын ұядан терең білім мен өнегелі тәрбие алады.Келешекте ел тізгінін ұстайтын жастарымызды ауылда тұрақтандыру, ауылдағы жастардың үлес-салмағын көбейту, жастарға жағдай жасай отырып, ауданымызға білімді, білікті жас азаматтарды тарту керек екенін айтты. Бүгінгі таңдағы мамандық сұраныстарына кеңінен тоқталды. Мемлекет сіздерге үлкен сенім артуда, – деді өз сөзінде. 

Сонымен бірге форумда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің химия ғылымдарының кандидаты Ахатаев Нұрлыбек Арыстанұлы сөз сөйлеп, қазіргі қоғамға қажетті мамандықтар мен университеттегі мамандықтар жайлы түсіндіріп, бітіруші түлектерге өмірінің бір кірпішін дұрыс қалауға тілектестігін білдірді. 

Сондай – ақ форумға ауданымыздың аграрлық – техникалық колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты. 
Форум соңында флеш – моб жастар биімен өнерлі өрендердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

21 ақпан 2019 ж. 1 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 479
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930