» » "ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ: ДҰРЫС ТАҢДАУ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ИНТЕРАКТИВТІ КЕЗДЕСУ

"ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ: ДҰРЫС ТАҢДАУ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ИНТЕРАКТИВТІ КЕЗДЕСУ


Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде орналасқан Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде «Заң және жасөспірім: дұрыс таңдау – жарқын болашақ!» атты интерактивті кездесу және ашық пікір алаңы өтті.

Құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдер арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту үшін және түрлі тақырыпта пікір алмасу үшін бірнеше сауалдар мен жағдаяттар ұсынылды.

Берілген жағдаяттар аясында мектептің парламент мүшелері ,жоғары сынып оқушылары өздерінің түрлі көзқарастарын білдіре отырып,құнды пікірлер айтты.

Шараға арнайы қонақтар қатысып, оқушылармен еркін форматта пікір алмасып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті:

Қармақшы ауданының “Құрметті азаматы” - Есдаулетов Қаршыға.
Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы - Әділ Үсенұлы.
Қармақшы аудандық прокуратурасының аға прокуроры Әділет Сәду
Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы - Берік Съездұлы.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Асқар Ермағанбетұлы.
Аудандық полиция бөлімінің орынбасары,полиция подполковнигі-Оспан Қосжанұлы
Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы-Мағауия
Жастар денсаулық орталығының психологі-Әмина Тахирқызы.
Мектептің ата -аналар комитетінің төрағасы - Ақтаев Бағдат
Ата -ана - Әбішова Мирамкүл.
Кездесу барысында оқушылар құқықтық тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, сабаққа қатысу, әлеуметтік желідегі жауапкершілік, буллинг, интернет мәдениеті және қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қонақтар жастарға заңды құрметтеу, саналы таңдау жасау және азаматтық жауапкершілік туралы маңызды кеңестер берді.

Шара аясында «Әке мен бала» тақырыбындағы тәрбиелік қойылым көрсетіліп, отбасы құндылықтары, ата-ана еңбегін бағалау, құрмет пен қамқорлықтың маңызы кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар «Заң және мен» құқықтық викторинасы мен мектеп психологінің қатысуымен өткен «Психолог бұрышы» бөлімінде оқушылар жағдаяттарды талдап, қақтығыстарды мәдениетті шешу, эмоцияны басқару жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.

Кездесу соңында оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, заңды құрметтеу, тәртіп сақтау және дұрыс таңдау жасау – жарқын болашақтың кепілі екенін атап өтті.

Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғамның кепілі!
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал тәртіп сақтау – өз болашағыңа салынған инвестиция!

07 маусым 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930