Еурохаттама рәсімі – жеңілдетілген тәртіп
Қазақстан Республикасында 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады яғни сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни Еурохаттама рәсімі енгізілген.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша соттардың жұмысын оңтайландыру мақсатында бүгінгі күні Астана қалалық соты халықты ақпараттандыру мен Еурохаттаманы кеңінен қолдануға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізуде.Соттың белсенді жұмысының нәтижесі ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша жүктеменің төмендеуін көрсетті.Астана қалалық сотының оң тәжірибесін ескере отырып, бұны барлық облыстарда полиция департаменттерімен бірлесе отырып, жүзеге асырылып жатыр.
(102 бойынша полиция қызметкерлерін шақыру кезінде Еурохаттама рәсімін
түсіндіру, жасақталған жадынаманы табыстау).
Осы Еврохаттама рәсімін белсенді жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізу –азаматтардың өз уақыттарын үнемдеуге мол септігі бар.
Еурохаттама, егер:
1) ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
2) ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
3) ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарынағана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгензардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);
4) ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
5) келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.
ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеугеболады, https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500
Android мекенжайлары бойынша App Store және Google Play жүктеуге болады.
Маңызды:
ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда
+7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет.
Р.БИСЕНОВА,
аудандық сот әкімшісінің
бас маманы