» » "Жеңілдетілген несиеге көлік сатып алмаған қазақстандықтар қара тізімге ілінеді": Министрлік ақпаратты түсіндірді

"Жеңілдетілген несиеге көлік сатып алмаған қазақстандықтар қара тізімге ілінеді": Министрлік ақпаратты түсіндірді

Әлеуметтік желіде жеңілдетілген несиеге көлік сатып алмаған қазақстандықтар қара тізімге ілініп, екі жылға несие рәсімдеуге тыйым салынады деген хабар тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Ақпаратты индустриялық даму қорының баспасөз қызметі жоққа шығарды.
“Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, егер адамға жеңілдетілген несиеге рұқсат етілсе, бірақ бір айдың ішінде сатып алу бір себептермен жүзеге аспаса, азамат екі жылдан кейін ғана жеңілдетілген автокөлік несиесін қайта рәсімдей алмайды. Сондықтан, сіз көліктің қолжетімді екеніне көз жеткізуіңіз керек", - деген ақпарат тарады.
Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы қазақстандық көлік алды
"4%-дан 12%-ға айналады": Қазақстандықтарға жеңілдетілген сақтандыру бағдарламасы бойынша көлік сатып алу тиімді ме?

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Автокөлік сатып алушыға жеңілдетілген несиеге көлік сатып алғаннан кейін ғана екі жылға дәл осы жеңілдік бойынша несие алуға шектеу қойылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 23 мамырдағы жағдай бойынша индустриялық даму қоры 4,8 мың өтінімді мақұлдаған. Бағдарлама бойынша қазақстандықтар 34 автокөлік сатып алуға қол жеткізді. Өтінімдерді ЦентрКредит Банкі, Еуразиялық банк, Халық банкі қабылдайды. Бұл тізімге Forte Bank да кіреді деп болжануда.
26 мамыр 2022 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 524
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 326

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930