» » АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРМАҢЫЗ

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРМАҢЫЗ

Салынған әкімшілік айыппұлды өндіру жұмыстарын жандандыру, мәжбүрлі түрде өндіру шараларын жеке сот орындаушылармен бірлесе отырып, өз деңгейінде жүргізу мақсатында, осы жылдың наурыз айының 13-20 күндері аралығында аудан көлемінде «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың мекен-жайлары бойынша араланып, айыппұл төлету жұмыстары және қасақана жалтарушы азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 669-бабы бойынша тәртіптік жауапкершілігін қарау шаралары жүргізіледі.
Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, жүргізушілерді тексеруді жүзеге асырады. Көлік құралына тыйым салынғаны анықталған жағдайда борышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылады.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, осыған байланысты аудандық полиция бөлімі жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және құқық бұзушылық жасалған жағдайда оларды уақытылы төлеуді сұрайды.
Аудандық полиция бөлімінің
Әкімшілік полиция бөлімшесі
17 наурыз 2024 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 773
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930