» » «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Салынған әкімшілік айыппұлды өндіру жұмыстарын жандандыру, мәжбүрлі түрде өндіру шараларын жеке сот орындаушылармен бірлесе отырып өз деңгейінде жүргізу мақсатында, ағымдағы жылдың наурыз айының 13-20 күндері аралығында аудан көлемінде «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың мекен-жайлары бойынша араланып, айыппұл төлету жұмыстары жүргізіледі. Қасақана жалтарушы азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша тәртіптік жауапкершілігі қарау шаралары жүргізіледі.
Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, жүргізушілерді тексеруді жүзеге асырады. Көлік құралына тиым салынғаны анықталған жағдайда борышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылады.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Осыған байланысты Қармақшы аудандық полиция бөлімі жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және құқық бұзушылық жасалған жағдайда оларды уақытылы төлеуді сұрайды.
Қармақшы аудандық полиция бөлімі
Әкімшілік полиция бөлімшесі
13 наурыз 2024 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031