» » Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI Қазақстан Республикасының Заңымен онлайн-сақтандыруға және электрондық нысандағы сақтандыру полисінің заңдылығын бекітуге қатысты заңнамалық түзетулер енгізілгенін хабарлайды.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, электрондық нысанда жасасып, сақтандыру  полисін электрондық нысанда ресімдей алады. Шарттың электрондық нысаны міндетті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі.
«Онлайн-сақтандыру енгізілгеннен бастап міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаздағы полистердің айналысы жойылады. Сақтандыру шартын жасасу фактісі сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорға сұрату жіберу арқылы тексеріледі. Автокөлік иелерінің әкімшілік полицияның қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынуы қажет емес. Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатуға, шарттарды офиске бармай-ақ немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы тікелеу жасасу мүмкіндігін береді, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін алуды жеделдетеді», делінген баспасөз хабарламасында.
Сақтандыру компаниялары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу кезінде 10%-ға дейін жеңілдік беруге құқылы.

16 тамыз 2018 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728