» » «Еурохаттама» жол апаты жұмысын жеңілдетпек

«Еурохаттама» жол апаты жұмысын жеңілдетпек

Биыл елімізде бұрын-соңды болмаған, таңсық заңдар қолданысқа енгізілуде. Әсіресе көлік жүргізушілерге қатысты біршама жұмыстар оңтайландырылуда. Соның бірі – 1 қаңтардан бастап «Еурохаттама» жобасы қолданысқа енгізілді. Нақтысын айтқанда бұл хаттама ешкім зардап шекпеген жол оқиғаларын полицияның және соттың қатысуынсыз сақтандыруды рәсімдей алады.
Мемлекет ол үшін арнайы «Еурохаттама» мобильді қосымшасын әзірледі. Осы қосымша арқылы көлік жүргізушілері жол-көлік оқиғаларын тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді. Жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақылайды.
«Еурохаттама» арқылы көлік апатын тіркеудің өзіндік шарты бар. Мобильді қосымша телефонға App Stor-дан және Google Play-ден жүктеліп, жүргізуші сол қосымшаға тіркелуі тиіс. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы екі көліктің қатысуымен орын алуы керек. Одан кейін жүргізушілердің жарамды сақтандыру полисі болуы міндетті. «Еурохаттамаға» жүгіну үшін қос тарап арасында зардап шегуші мен кінәліні анықтауда дау мәселесі болмауы да маңызды. Бастысы, жол-көлік оқиғасы салдарынан денсаулыққа залал келмеуі және келтірілген шығын көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 369 мың теңгеден аспауы тиіс.
Атаулы хаттама бойынша рәсімдеген кезде әр жүргізуші декларация толтырып, электронды кілтпен қол қояды. Апатқа түскен адамның бірінде қосымша болмаса, сақтандыру компаниясына хабарласады. Бірақ бұл біршама уақытты алады. Декларацияда апатқа ұшыраған көліктердің маркасын, мемлекеттік нөмірін анықтауға мүмкіндік беретін сурет және бейнежазба, оқиғаның суреті, сондай-ақ залал мөлшерінқоса көрсету керек. Деректер онлайн тексеріліп, жүргізушіге декларация сәтті тіркелгені туралы хабарлама келеді. Оған дейін оқиға орнынан кетуге болмайды.
Егерде жүргізуші өтемақы мөлшеріне келіспесе немесе апат еурохаттамаға сай келмесе полицияға қоңырау шалып, сақтандыру компаниясына жол апаты жайлы хабарлайды. Сөйтіп оқиғаны дәстүрлі жолмен рәсімдейді.
Жалпы, «Еурохаттаманың» артықшылығы көп. Біріншіден, көлік кептелісі төмендейді. Кез келген жол-көлік оқиғасы орын алғанда жүргізушілер тәртіп сақшыларын күтіп, көлікті оқиға орнынан қозғамайды. Осы тұста көлік кептелісі туындап, өзгелерге қолайсыз жағдай әкелетіні сөзсіз. Мұндай сәтте «Еурохаттама» жол апатын бар жоғы 15 минуттың ішінде рәсімдеуге мүмкіндік береді. Осылайша жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершіліктен құтылады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

23 қаңтар 2024 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930