» » Бейсенбіден бастап шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

Бейсенбіден бастап шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

12 қаңтардан бастап елімізде шетелден әкелінген көліктерді сақтандыруға тыйым салынады. Бұл туралы Kolesa.kz сайты хабарлайды.
«Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру полисі арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады.
Президент Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңға қол қойды. Ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Оның ішінде көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер де бар», – деп жазады портал.
Осылайша, 12 қаңтардан бастап сақтандыру туралы заңның 10-бабы 5.2-бөліммен толықпақ.
««Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады.
Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығарылып, қайта кіргізуге болады», – деп жазылған аталмыш бапта.
Сөйтіп, 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін алу үшін машина Қазақстанда есепте тұруға немесе шетелдіктің, не азаматтығы жоқ тұлғаның меншігінде болуға тиіс. Қазақстан азаматтары бөтен елде тіркелген машинаны сақтандыра алмайды. Яғни, Қазақстанның өзге азаматына сақтандыру арқылы сата да алмайды.
Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандыру жалғасады.
11 қаңтар 2023 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728