» » Табандылық – табыстың кілті

Табандылық – табыстың кілті

Тәуелсіз елдің жастары қоғамның айнасы іспетті. Өйткені жастардың атқарған қызметі арқылы елдің болашағын бажайлай аламыз. Қазір масылдық санадан сәл де болса ажырап, екі қолға бір күрек алғандардың қатары артуда. Жасыратыны жоқ, ауданда кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде. Ал жаңа жобамен тың кәсіптің көзін тапқан Айдын Жыланбасовты бірі білсе, бірі білмейді.
Ол аудан тұрғындарының көлігін жаңа стильде сәндеу мақсатында «EvaPolik» автотөсеніштерін жасауды қолға алды. Солай өз қаражатымен кәсібін бастап отыр. Тұрғындар енді ғана үйренісіп жатыр. Әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы тұтынушыларын да жинау үстінде. Ал соңғы үлгідегі бұл төсеніштер автокөліктің барлық түріне жасалынады екен. Жалпы автомобиль төсеніштері – бұл автомобиль салонын қорғаудың жаңа, инновациялық және стильді тәсілі. Төзімді төсеніштер барлық пішіндер мен қисықтарға мұқият жабысады, оларды алу, жуу оңай, интерьердің эстетикалық көрінісін сақтайды.
– Төсеніштер автокөліктің әр маркасы мен моделі үшін жеке үлгілерге сәйкес тігіледі. Олар жүргізуші мен жолаушыларға ең жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ететіндігімен, эстетикалық және сыртқы келбетімен ерекшеленеді. Сонымен қатар олар қаптамаға кірдің түсуіне жол бермей, автомобильдің барлық төменгі қаптамаларын толығымен жабады. Бұл химиялық тазарту қызметіне жүгінбестен, кір мен құмды оңай кетіруге мүмкіндік береді. Олар өте төзімді, кірді сіңірмейді, тығыз жабысады және оңай кетіріледі. Төсенішті тазарту да оңайырақ, – дейді жас кәсіпкер.
Оның айтуынша, төсеніштер беріктікке, ылғалға, кірге және басқа да көптеген қатал факторларға төзімділікке ие. Температура өзгерісіне төзімді. Солтүстіктің қақаған аязына қалай шыдаса, оңтүстіктің шыжыған ыстығына да солай шыдас береді. Салмағы жеңіл. Экологиялық таза материал. Ал бұл материалдардың медицинада көбірек пайдаланылуы адамға зиян еместігінің дәлеліндей.
– Кәсіп бастау бірден нәтиже бермесе де талап пен төзімділік қажет. Ең бас­тысы, ешқашан берілмеу керек. Ерік-жігерің мықты болса, қателіктен қорықпай, қайтпасаң түбі жеңіске жетесің. Кәсіпкерге қажет ең басты қасиет – табандылық. Табандылық – табыстың кілті. Сондай-ақ, бизнесте табысқа тезірек жетуде жан-жақтылық керек. Ең басты өнім – өзің. Ендеше әрекет – бізден, берекет – Алладан, – дейді талапты жас.
Әзірге Айдын кәсіпте жалғыз болғанымен алдағы уақытта көкжиегін кеңейтпек. Мемлекеттік бағдарламаларға да қатысып, бағын сынамақ ниетте.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ

05 ақпан 2022 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031