» » Жылқы баптаған Жанқожа

Жылқы баптаған Жанқожа

Кәсіп ету үшін адамға бірқатар қабілет керек. Соның бірі – ұйымдастыру, іздену. Айтпақшы, бұл тұрғыда бастағалы отырған кәсіпті дұрыс таңдай білу де, нарық экономикасын жан-жақты зерттеу мен тұтынушының өнімге деген сұранысын бажайлау да маңызды екенін естен шығармаған абзал. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет тарапынан да біршама бағдарлама жүзеге асуда.
Ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң – еліңнің туын көкке көтере аласың. Қажеттілігіңді өтей аласың. Бастысы – талмай-тынбай еңбек еткеніңнің жемісін көру. Сүйікті кәсібіңнен рахат алу. Ал мұндай жандар біздің де арамызда бар. Асылында ауылдық жерлерде азын-аулақ малының басын көбейтіп, мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланғанның қатары артқан. Солардың бірі – Дүр Оңғар ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Жанқожа ­Сайлауов.
29 жастағы жігіт жылқы бордақылау мақсатында биыл «Бизнес кеңесші» бағдарламасы арқыры арнайы курс­тан өтіп, сертификатын қолына алады. Сөйтіп мемлекеттен төменгі процентпен 10 миллион теңге көлемінде несие алып, кәсібіне білек-сыбана кіріседі. Өзінің 2 жылқысын күтіп-баптап отырған ол қолына тиген қаржыға 20 бас аналық жылқы алады. Бүгінде оларға күтім жасаған Жанқожа мал санын 30 басқа көбейткен. Қазір қосымша саумал да сатады. Осылайша талапты жастың таңдауы төрт түліктің ішіндегі жылқыға түскен. Сайып келгенде, ата-бабаларымыздың түлік ішіндегі жақсы көргені де осы жануар. Таза, ішсең сусын, жесең ет, мінсең көлік.
– Бұл жануар жағдай жасағанды, бапты, күтімді қажет етеді. Сол үшін оның жем-шөбінің құнарына мән беремін. Кәсібіме анам көмектеседі. Отбасым – қолдаушым. Алға қойған мақсатым көп. Егер кәсібім берекелі болып, тынысы кеңейсе, неге кеңейтпеске? Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін алдымен оның қыр-сырын меңгеру керек. Әрине, басында қиындық пен кедергі болары рас. Бастысы – жобаны тереңірек зерделеп, қаржыны мақсатты жұмсай білу. Сонда ғана еңбек зая кетпейді, – дейді жас кәсіпкер.
Оның өз ісін өрістетіп, жылқы малын бордақылауды, санын көбейтуді кәсіп еткеніне көп болмады. Бірақ оның атакәсіпті өрістетуге деген ынтасы зор. Алға қойған мақсаты айқын. «Екі қолға бір күрек» алып, кәсібінен нәсіп көріп отырған жан бүгінде межелі мақсатын кезең-кезеңімен орындауда. Бір білетініміз, ол маңдай терді төгіп, адал еңбек етуді естен шығарған емес. Бұл ауыл жастарына көп үлгі. Айтпақшы, ауыл халқы жиналып, тасаттық бергенде жас кәсіпкер 20 литр қымызды тегін таратқан.
Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауданда кәсіпкерлік кең қанат жаюда. Солай кәсіпке ынталы азаматтардың күн санап қатары артуда. Әрине, бұл өз кезегінде өңір экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.

Айнұр ӘЛИ

14 тамыз 2021 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031