» » Шағын наубайхана жұмысын бастады

Шағын наубайхана жұмысын бастады

«НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН» БАҒДАРЛАМАСЫ БО­ЙЫНША «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ОҚЫТЫЛУДА. ОҚУ КУРСЫН БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР, КӘСІППЕН АЙНАЛЫСЫП, ӨҢІР КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУДЕ. БАСЫМ КӨБІ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАП, ТҮРЛІ ГРАНТ ПЕН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП, КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП КЕЛЕДІ. ӘСІРЕСЕ, АУЫЛДАҒЫ ІСКЕР ЖАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ КӨРІНДІ. ЖАҚЫНДА ТӨРЕБАЙ БИ АУЫЛЫНДА «АЙТӨРЕ» ШАҒЫН НАУБАЙХАНАСЫ АШЫЛДЫ. КӘСІПКЕР МИРАСХАН ТӨЛЕГЕНҰЛЫ ӨЗ ҚАРАЖАТЫМЕН КӘСІБІН БАСТАҒАН.

Шағын наубайханаға нан пісіретін пеш пен қажетті құралдар сатып алынған. Мұнда ас атасының бірнеше түрі дайындалады.
– Елбасы әрдайым «өзін-өзі жұ­мыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет» деген ойға басымдық береді. Сол себепті де түрлі бағдарлама қолға алынып, қарапайым жанның кәсіпкер атануына, ал кәсіпкердің өз ісін одан әрі үлкейтуіне жағдай жасалуда. Ендігі жерде халық қолда бар мүмкіндіктен айырылып қалмай, қажетіне жарата білгені абзал, – дейді кәсіп иесі.
Жалпы, 600-ге жуық Төребай би ауылында тындырымды тірлік бар. Енді міне шағын кәсіптің де керегесі кеңіп келеді. Ең бастысы, ынта болса болғаны. Мемлекеттен беріліп жатқан қолдау жетерлік.
Наубайханадағы жұмысты кәсіп­кердің жеңгесі Дидар жүргізеді. Күніне бірнеше бөлке нан тұрақты пісірілсе, торт, пирог, кекс, трайфл секілді тәттілер тапсырыспен дайындалады. Бірнеше перзенттің анасы, үй тірлігімен қоса наубайхана жұмысына үлгеріп отырған Дидар көпке үлгі боларлықтай келіннің бірі.
– Тәтті пісіруді бұрыннан жақсы көремін. Қазір үйренуге деген ниет болса, әлеуметтік желіде кәсіптің түр-түрі бар. Тегін сабақтар да жетерлік. Қазір дайындап жүрген тәттілерімді өзім инстаграмнан үйрендім. Бір дегеннен керемет шықпаса да, бастысы талпынып көру. Тәтті пісіру шыдамдылықты, ыждаһаттылықты талап етеді. Тә­жірибе жинақталған соң, ісің де алға басады. Пешке 24 қалып сияды. Күніне бір рет, кейде екі рет нан пісіреміз. Әзірге дүкендерге өткізуді бастамадық. Тұрғындар үйден келіп алып кетуде. Тәттілерге сұраныс берушілер де баршылық. Жалпы айтқанда тынымсыз тірліктің ортасындамыз, сондықтан әрбір істе бейнеттің соңында зейнеті бар екенін ұмытпаған жөн, – дейді Дидар.
Наубайхана өнімдері тұтынушы тарапынан жоғары бағалануда. Тұрақты тапсырыс беретін тұрғындармен қоса сұраныс саны күннен-күнге көбеюде. Ең бастысы дайындалған өнім сөреде тұрып қалмайды. Ал баға – қолжетімді, сапа – көңілге қонымды. Кәсіпкердің ендігі мақсаты мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып үлкен нау­байхана ашып, жергілікті халықты жұмыспен қамту және аудан халқын сапалы өніммен қамтамасыз ету.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ(сурет)

14 тамыз 2021 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 217

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 325

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930