» » "Еңбек" бағдарламасының игілігі көп

"Еңбек" бағдарламасының игілігі көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында экономиканы, шағын және орта бизнесті, барша ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктегені белгілі.
Мұндай маңызды тапсырмалардың бірі - тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету.
Осы ретте, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының аудан тұрғындарына тигізіп отырған шапағаты мол деуге болады.
Әсіресе, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, өз кәсіптерін ашып, істерін бастауға септігін тигізуі, қайтарымсыз грант пен төмен пайыздық мөлшерлемемен берілетін шағын несиелер болып отыр.
Осы мақсатта, бағдарлама аясында Қармақшы ауданы бойынша үстіміздегі жылдың 8 айында жоспарланған 101 адамның 44-і шағын несиеге қол жеткізіп үлгерді. Сонымен қатар, қайтарымсыз грант алғандар саны арта түсті.
2020 жылы бүгінгі күнге 195 адам грант иегері атанған. Бағдарлама шеңберінде қарастырылған шағын несие мен қайтарымсыз грант беруде ең алдымен көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жандарға, жұмыссыздар мен жастарға басымдық берілуде.
«Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттік грант алуы, жеңілдетілген 4-6 пайыздық несиеге қол жеткізуі, халықты жұмыспен қамту орталығының белсенді шараларына қатысуына, атап айтқанда, ақылы қоғамдық жұмыс, несие, грант, жастар тәжірибесі, қысқа мерзімді кәсіптік оқу, басқа да тұрақты жұмысқа орналасып, өз отбасылық жағдайының артуына септігін тигізуде.
Сондықтан, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы ауданымызда өз жалғасын таба беретін болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 қыркүйек 2020 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930