» » ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер жұмысшы мамандықтарына тегін оқи алады

ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер жұмысшы мамандықтарына тегін оқи алады

Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей қалған түлектер жұмысшы мамандықтарына тегін оқи алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оларға «Еңбек» бағдарламасымен кәсіптік-техникалық колледждерге жолдама беріледі», - деді Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Жалпы биыл барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі кезде олардың жартысынан көбі жұмыс тапты. Дегенмен, жұмыссыздар саны әлі де аз емес. Сондықтан өзін өзі жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінуде. Осы орайда 6 мыңға жуық жеңілдетілген несие мен 17200 қайтарымсыз грант берілген. 34 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздерін оқып жатыр. Шағын несие беру бойынша Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының көрсеткіші жаман емес. Мемлекет тарапынан берілетін граттың жартысы тұрмысы төмен отбасындағы жұмыссыздарға беріледі.

18 тамыз 2020 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 992
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 670

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031