» » «Қандай жағдай болса да, біз біргеміз»

«Қандай жағдай болса да, біз біргеміз»

Ертең – маңызды мерекенің бірі – Конституция күні. Қандай мемлекетте болсын әрбір адамның еркін, тең, азат, бақытты өмір сүруін қамтамасыз ететін, іс-әрекет, құқығын айқындайтын, мүдде, меншігін қорғайтын көптеген заң қабылданады. Біздің де ережеміз, Ата заңымыз бар. Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметте жүрген тәжірибелі қос заңгер, ерлі-зайыпты Өмірбек Өміртаев пен Рахия Бисенованың еңбегін ескеруді жөн көрдік.

Өмірбек Өміртайұлы бүгінде Жосалы кентіндегі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ филиалы қызмет көрсету орталығының операциялық бөлімін басқарады. Ол еңбек жолын сот саласында бастап, яғни 25 жыл аудандық сотта сот отырысының хатшысы, сот орындаушы, сот приставы жұмыстарын абыроймен атқарған. Бұл салаға келуіне әкесі Өміртай Итқараевтың ықпалы көп. Себебі ол кісі қиын тұста түрлі басшылық қызметте жұмыс істеп, елдің экономикасын көтеруге атсалысқан азаматтардың бірі. Баласының өзі секілді елге қызмет еткенін, жақсы азамат болғанын шын қалапты. Әке сенімі ақталып, қазір Өмірбек ағамыз өзінің басшылық қызметімен қатар, қоғамдық жұмысты қатар алып келеді. Аудандағы кәсіпқой емес медиатор. Алқабилер кеңесінің мүшесі. Жалпы ел ішіндегі дауласушылық деңгейін азайтуға ықпал етіп, үлес қосып жүрген сөзі өтімді, ісі ширақ, сауатты азамат.
Ал оның жары Рахия Бисенова аудандық сотта бас маман. «Ағаш бір жерден көктейді» демекші, Р.Шауханбайқызының сот саласындағы еңбек өтілі 30 жылға жуық. Сот органына өзінің зор ынтасымен келсе керек.
– Мемлекеттік қызметтің қазіргі уақытта қызығынан қиыншылығы басым. Себебі сотқа мұңмұқтажын, даулы мәселелерді шеше алмай келген азаматтарға құқықтық, адамгершілік тұрғыдан түсіндірме жүргізіп, құжаттарын рәсімдеуге көмектесуге тура келеді. Кей адамның адвокатқа жүгінуге мүмкіндігі болмаса, кейбіреу тіпті жүгінгісі келмейді. Сол уақытта білгеніңді айтып, аз да болса жылы сөзге, көмекке мұқтаж адамдардың алғысын алсаң төбең көкке жеткендей боласың. Жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандарға білгенімді үйретуден жалықпаймын. Еңбегім ескерусіз қалған емес. Аудан, облыс әкімдерінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының Мақтау грамотасымен марапатталдым, – дейді жұмысына мығым бас маман.
Өмірбек аға мен Рахия апай бүгінде 3 бала тәрбиелеп өсірді. Балаларының бірі – заңгер, бірі – мұғалім, дәрігер, экономист мамандықтарын иеленіп, белгілі салаларда қызмет етіп жүр. Тұңғыштары Мерей – Қызылорда қалалық полиция басқармасы Тасбөгет ПБ басшысының орынбасары, полиция майоры, келіні Ардақ – экономист. Дәуіржаны – №105 лицей-мектепте мұғалім, келіні Әсел – дәрігер. Қызы Айжан мен күйеубаласы Нақыпбек – №121 мектепте мұғалім. Олар 5 немеренің сүйікті ата-әжесі. Отбасы мүшелері бастары қосыла қалса, күнделікті өмірдегі тіршілікке, елімізде орын алып жатқан жаңалыққа, болашақ жөн-жоспарға мән беріп, ой-пікір алмасады. Әсіресе шаңырақта өсіп келе жатқан жеткіншектердің пікірін ескеріп, оң көзқарас қалыптасуына мән береді.
Оларды қазіргі жастардың, тіпті ақыл тоқтатқан орта жастағы азаматтардың арасында да неке бұзу көбейгені алаңдатады. Рахия апай «Бұл қазіргі әлеуметтік ахуалға, дүние жүзін жайлаған індетке тағы басқа көптеген факторларға байланысты туындап отырған мәселе. Осы тұрғыда қолымыздан келгенше ажырасу мәселесінде жастарға балалардың тірі жетім болмауын, келешекте сол ұрпақтың жанжақты, толыққанды азамат болуы үшін жанұя толық болу керек екенін, ақылмен шешуді түсіндіруге тырысамыз. Түсінбеген жағдайда медиатордың көмегіне жүгінеміз. Нәтижесінде ажырасуға келген азаматтардың жартысына дерлігі жанұясын сақтап қалып отыр. Балаларымызға ауызбіршілік, татулық, түсіністік үндескен кезде қиындыққа орын жоқ екенін қайталаудан жалықпаймыз» десе, Өмірбек ағамыз «Отбасында өзіміз бекіткен дәстүрлі заңдылық – қандай жағдайда да, біз біргеміз! Тағдыр өзі адам мен адамды жарастырып қосады ғой. Біздің де ортақ мүддеміз, ортақ мақсатымыз, ортақ арманымыз бар. Үйде – атаана, жұмыста – заңгер ретінде ой-пікіріміз ортақ арнада тоғысады. Азаматтар өз құқығын білу үшін заман талабына сай өзгеріп жатқан заңдарды мұқият әрі зерделей оқуы керек. Өз құқықтық білімін үнемі жетілдіріп, басшылыққа алса заңсыздықтардан зардап шекпейді, өз құқығы мен бостандықтарын кез келген орында қорғай алады» дейді.

Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ


29 тамыз 2020 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031