» » БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМНЕН НЕ КҮТЕМІЗ?

БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМНЕН НЕ КҮТЕМІЗ?

Сіз не үшін жұмыс істеп жүрсіз? Әрине, «бейнеттің зейнетін» көру үшін. Ал, сіз ай сайынғы қорға түсіп отырған жинағыңызды тексеріп отырасыз ба? Бұл үшін аяқ тоздырып, қызмет көрсету орнына бармайсыз. Технологиясы қарыштаған дәуірде, озық елу елдің қатарында бой түзеп тұрмыз. Түрлі халыққа қызмет көрсету орталары цифрландырылып, жаңашалануда. Қолға қалтафонды алыңыз, ЖСН нөмірін теріңіз де жинақ қорыңызды тексеріп отырыңыз. Бұрын бәріне бірдей зейнетақы қоры жинақталмайтын-ды. Оның ішінде, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жандар мен жұмыссыздар да бар. Бірақ, биыл Елбасының тапсырмасымен Бірыңғай жиынтық төлем еңгізілді.
Бірыңғай жиынтық төлемді кім төлейді?
Жалпы бірыңғай жиынтық төлем табысы жеке кәсіпкерлерден төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған. Яки, бейресми қызметін тіркеуді жеңілдетуге бағытталған. Мамандар максималды табыс мөлшерін белгілеген болатын. Жылына 100 ЕТЖМ-ға дейін, шамамен айына 240 мың теңге. Егер бір айдағы табысының мөлшері 240 мың теңгеден аспайтын болса, онда азамат осы режимге өте алады. Заң жобасы төлеушілер санатын нақты шектейді. Бірыңғай жиынтық төлемді өзге жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші жеке тұлғалар ғана төлей алады. Егер азамат заңды тұлғаларға да қызмет көрсететін болса салықтарды толық көлемде төлеуі шарт. Бұл төрт міндетті төлем арқылы жүзеге асады: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым. Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?
– Бірыңғай жиынтық төлем үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енді. Мақсат – ең маңызды мәселелердің бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысып, медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Мұнда қызмет түрі мен қаражат көлеміне шектеу қойылмайды. Сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, аталған жүйеге қатысу өтіліне қарамастан базалық зейнетақы төлемдерін алады. Әрі еңбекке жарамсыздығына, жұмысынан, асыраушысынан айырылуына, жүктілігі мен бала тууына, ұл немесе қыз баланы асырап алуына, баланы 1 жасқа дейін күтуіне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндігі болады, – дейді БЖЗҚ АҚ-ның Жосалы кентіндегі ҚКО-ның маманы Арайлым Ысқақ.

Төлемнен қандай пайда көреміз?
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың категориясы толықтай зейнетақымен қамсыздандырылады. Жоғары­латылған көлем­де базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады. Ал, ол еңбек өтілінің есепке алынуымен байланысты. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ММС енгізілгеннен кейін толық көлемде медициналық қамсыздандыруға қол жеткізе алады.
Министрлік БЖТ-ның республикалық маңызы бар қалалардағы, елордадағы және облыс орталықтарындағы көлемі – 1 айлық есептік көрсеткішті (2019 жылы – 2525 теңге), басқа елді мекендерде 0,5 айлық есептік көрсеткішті (2019 жылы – 1263 теңге) құрайтынын белгіледі. Мерзімі – 5 жыл. Қаражат қай қорға жіберілетіні де анықталған. Яки, 10 пайызы – жеке табыс салығына, 20 пайызы – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, 30 пайызы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, 40 пайызы МӘМС-ке аударылады. Бастысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БЖТ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың болашағына тигізер пайдасының зор екенін айтуда.

Салық салу дұрыс па?
Мақалаға арқау болу үшін «біздің» базарға жол тарттық. Жол жөнекей таксиші Еркін ағаны сөзге тарттық. «Аға, мемлекет өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салық салмақшы. Мұны естідіңіз бе? Қалай қарайсыз?» деп сұрақты төтесін қойдық. Ол абдырамастан «Әрине, естідім. Барып тіркелдік, енді ай сайын қаржы құйып отыру қажет. Болашақта өзіміз үшін керек қой» деп жауап берді. Діттеген жерге де келдік. Мұнда күнделікті қайнаған күйбең тіршілік. Соқтығысқан адамдар, бір-біріне қарауға мұршасы жоқ. Ал, БЖТ туралы сұрағанымызда бірі – білсе, бірі – білмейді. «Күнделікті алатын қаржымыз мынау, ай сайын салыққа салып отырсақ, неміз қалады?» деп бұлқынғандары да жоқ емес. Қош. Төлемнің мақсаты әлгінде айтқанымыздай. «Бейнеттің зейнетін» көру үшін жасалып жатқан зор мүмкіндік.

Заң жобаның шеңберінде мыналар ұсынылады:
• Бірінші, бірыңғай жиынтық төлемін енгізу арқылы формалды емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.
• Екінші, "жұмыспен қамтылған" және "өзін-өзі жұмыспен қамтыған" бірыңғай анықтама, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халыққа жататын санаттар.
• Үшінші, әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңдарда төлеушілер санатын біріздендіру.
30 қаңтар 2019 ж. 915 1

LesSeidge от 16 маусым 2019 00:12
legally isotretinoin amex accepted Dadha Pharma How Can I Get Trazodone cialis Kamagra Tabletten Wirkung Novirax Online Levitra Viagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930