Құрылтай
» » Тәуелсіздік тірегі – Ата заң

Тәуелсіздік тірегі – Ата заң

Біздің мемлекетіміздің, халқымыздың, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция.
Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Ендеше, сан жылдар бойы қалыптасып, жалпыға міндетті ережелерді қамтыған ең жоғарғы күші бар Ата Заңымыз өмір талабына сай жасақталды. Ең бастысы, ұлттық болмысты сақтай отырып, дамыған елдердің тәжірибелерін арқау еткен Конституция еліміздің болашағы үшін ұзақ жылдар жемісті қызмет ететіні сөзсіз.
Бүгінде Республикамыздың қол жеткен табыстарына бүкіл Орта Азия мемлекеттері қызыға қарауда. Өркениетті елдердің барлығы да Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан басқалардан көш ілгері екенін ашық мойындап отыр.
Еліміздің құқықтық мемлекетке айналуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ойдағыдай қорғау, бауырында жүздеген ұлт пен ұлысты топтастырған елімізде саяси тұрақтылықтың сақталуы – осы Конституцияның арқасы.
Ата заңымыздың келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына, демократияның, тиімді экономикалық реформалардың қалыптасуына жағдай жасайтын басты нормативтік құжат болатыны анық. Бұған қол жеткізу үшін әрбір азамат Конституцияда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, сақтауы қажет.

Рахия БИСЕНОВА,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы

21 тамыз 2020 ж. 2 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31