» » » Ата заң – ел тірегі

Ата заң – ел тірегі

Әлем картасындағы сан алуан елдің ішінде тек 200-ге тарта мемлекет бар. Оның арасынан Қазақстан Рес­публикасы ойып тұрып орын алады. Түрлі тарихи сәтті басынан өткеріп, тәуелсіздіктің көк туын көкке көтерген ел арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мемлекетке айналды. Ал оның мемлекеттігін айқындайтын – нышандары мен ке­лешегіне кепіл болатын – Конс­титуциясы бар. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы мен Әз Тәукенің Жеті жарғысын үлгі еткен бүгінгі Ата Заңға – 24 жыл.
«Жеті жарғыны» жасауға данагөй билер белсене атсалысыпты. Төле би қайтыс болар алдында үш жүздің игі жақсысын жинап: «Аттың құнын, ердің құнын, әйелдің құнын өз ақылымызша шешкен жөн. Малға салсаң баспайтын, ұрсаң шаппайтын жабы бар да, қусаң жететін, қашсаң құтқаратын желден жүйрік тұлпар бар, екі адамның басы қосылса өсек айтатын әйел бар да, бір елге ана, пана болатын әйел бар. Шешім айтқанда осылардың ара-жігін ашып, екшеп барып құн кесулеріңді өтінемін» деп артында қалған ел ағаларына аманаттапты.
Ежелгі жарғылардың жалғасы болған Конституция – алдымен мемлекет ретінде адамға құрметпен қарайды. «Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бірінші бапта жазылған. Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» дейді. Иә, Ата заң – жоғары заңды күшке ие құжат. Республикадағы сая­си, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық әлеуеті осы Ата заң аясында жұмыс істейді. Мемлекеттің қазіргі ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Осылайша ел осыдан 24 жыл бұрын тарихи шешімін жасаған болатын. Содан бері де бас­ты заң – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың, экономикалық даму мен демократиялық өркендеудің айшықты көрінісі болып келеді.
Ата заң – елдегі түрлі этнос­тар татулығы, әрбір азаматтың лай­­ықты өмір сүруінің, оның құ­қығы мен бостандығына кепіл болады. Конституция – Қазақстан аза­матының өмір сүруіне, сөз, дін ұстану және шығармашылық ер­кіндігіне, денсаулығы мен демалысына, еңбек етуіне, жеке адам ре­тіндегі қадір-қасиетіне нұқсан келмеуіне – кепіл. Адамзат баласы үшін өте бағалы саналатын осынау құндылықтарды сақ­тау – Қазақ елінің бейбітсүйгіштігін, ымырашылдығын дәлелдей түседі. Халқымыздың адам­гершілік прин­ци­піне құрылған игі істері бүгінде әлем танитын, дүние мойындаған дәрежеге жетті. Бұл – егемендігін алған аз ғана уақытта елдің бүкіладамзаттық, өркениеттілік игіліктерді қамтығанын аңғартып тұрғандай.
Заманында ата-бабамыз сыртқы күштерден қазақтың ата қонысын қор­­ғап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етті. Келешек ұрпағының «қой үстінде бозторғай ұялаған» заманда өмір сүргенін қалады.Қиын-қыстау жолдан өтіп, қилы кезеңді бастан өткерді. Бүгінде аталар арманы орындалып, ұрпағы тыныш та бақытты кезеңде өмір сүруде. Барлығына уақыт төреші. Жылды жыл қуып, зымырап өтіп жатқан уақыттың еншісімен ертең-ақ 2050-дің есігін қағарымыз сөзсіз. Саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың қайнар көзі болған Конституцияның өміршеңдігін ұза­ғынан сүйіндіргей.
Айнұр Әли
02 қыркүйек 2019 ж. 1 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031