» » МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

   
    Осыдан бірер сағат бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге қатысты аса маңызды Үндеу жариялады. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымен ақылдаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қос Палата спикері және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен кеңесе келе елімізде кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлау үстіміздегі жылдың 9-маусымына белгіленгені жайлы мәлімдеді. Біз, аға ұрпақ өкілі, аудан ардагерлері мұндай мемлекеттік маңызы бар елдік мәселеге жауаппен қарайтынымыз белгілі. Қазақстан мемлекетін қалыптастыруда Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбегін атап өткіміз келеді. Елбасының кемеңгерлігі, даналығы арқасында тәуелсіз Қазақстанымыз бүгінде қуатты да шуақты мемлекетке айналды. Бүгінде халқымыз тарихи кезеңді басынан өткізуде. Шындығында, бұл құптарлық іс. Себебі, күн санап түрлі жағдаятты басынан кешіретін жаһандану үдерісінде еліміздің сыртқы қауіп-қатерін де ескергеніміз артық емес. Бұл – өте дұрыс шешім. Сонымен қатар, демократиялық қоғамда сайлаудың әділ әрі таза өтетініне сенімім мол. Ендігі міндет – алдымызда кезектен тыс өтетін Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға белсене атсалысу.
Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ,
аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.
09 сәуір 2019 ж. 1 028 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031