» » ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ӨНБЕГІ

ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ӨНБЕГІ

Бүгінде жұрттың - бірі саудамен айналысса, енді бірі - халық түрлі қызмет көрсетіп нәпақасын табуда. Тұрақты жалақысы бар қызметте жүрген көптеген жанның көкейінде жүрген сауал бейнетінің жемісі ертеңгі зейнетақы мәселесі.  
Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Мұның төлемдеріне енген өзгеріс көпшіліктің көкейіндегі сұрақтың бірі. Осыған жауап беріп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында «БЖЗК» АҚ облыстық филиалының мамандары Ихласбек Әлімбетов пен Қазыбек Жұманов кент әкімдігінің мәжіліс залында жиналыс өткізді. Жиында «Зейнетақымен қамтамасыз ету» заңнамасындағы өзгерістер мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ тұрғындарға ақпарат беру, оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және қаржылық сауаттылығын арттыру жайы талқыланды.
Кездесуде  қатысушылар көкейкесті сауалдарына жауап алып, ұсыныс-пікірін ортаға салды. Сондай-ақ, сала мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзгерісті қызметтегі азаматтар мен зейнеткерлерге түсіндіру маңызды екендігін тілге тиек етті.
Айнұр ӘЛИ
23 маусым 2018 ж. 1 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930