» » Өтпелі кезең екенін естен шығармаңыз

Өтпелі кезең екенін естен шығармаңыз


Індет. Қай жерді ашып қарасаңыз да осы жайлы сөз қозғалып жатады. Тіпті аты қорқынышты бұл вирусқа құлақ етіміз үйреніп те қалғандай. Десе де бұл босаңсуға болады деген сөз емес. Сақтану қажет. Себебі вирус біздің арамызда және оны жұқтырғандар саны күн санап өсуде.

Шынтуайтында, пандемия біраз нәрсені үйретті. Қазір тазалыққа ден қойып, жеке бастың гигиенасын сақтау күнделікті әдетке айналды. Әр күнімізге шүкіршілік етуді де үйрендік. Ақ халатты абзал жандардың еңбегін енді бағалап келеміз. Бірақ, әр күніміз үреймен өтіп жатқанын мойындау керек. Вирус жұқтырғандарды көріп -білгенде абдырап, жанымызды қорқыныш баурап алады. «Жұқтырып алсам қайтем?» деген оймен жүрміз. Алайда, «Қорыққанға – қос көрінер» деп бекер айтылмаған. Бұл вирусты жеңу үшін психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз қажет. Міне, сол себептен арнайы маманнан, яғни аудандық емхана психологы Жұлдызай Бақтиярқызынан кеңес алуды жөн көрдік.


– Ең бастысы бұл кезеңнің өтпелі екенін естен шығармауымыз керек. "Сабыр түбі – сары алтын" демекші сабырлық танытып, жағымсыз жаңалықтарды жүрекке жақын қабылдамайық. Уақытты көбіне ән тыңдап, физикалық жаттығулар жасап, қызықты әрі тиімді өткізген жөн. Жеке бас гигиенасын қатаң сақтаумен қатар салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. Күйзеліс адамның организміне қатты әсер етеді. Ұзақ уақыттық уайым мен көңілсіздік ағзаның күш-қуатын азайтады. Өз кезегінде ол вирусқа төтеп бере алмай қалуы мүмкін. Сол себептен позитивті оймен өмір сүрген дұрыс. Індетті жұқтырған жандардың ішінде емделіп шыққаны көп. Яғни, аурудың симптомдарын байқасаңыз өз уақытында аймақтық дәрігерге жүгінгеніңіз жөн, – дейді Жұлдызай Исаханова.
Соңғы уақытта тұрғындар арасында дене қызуы мен бас ауруына шағымданушылар қатары күрт көбейді. Олар үрейге бой алдырып, індетті жұқтырып алдым деп қорқып жүргені де жасырын емес. Маманның айтуынша қазір көбісі өз ауруын жасырып, үйде емделіп жатыр. Соның кесірінен бойындағы індетті ушықтыруда. Бұл салғырттықтың кесірінен дәрігерлер жұмысы одан сайын қиындап жатқанын ескерген жөн. Әр тұрғын өзі тұрып жатқан жергілікті аймақтың дәрігерімен оңай байланыса алады. Ерте анықталған ауруды емдеу де оңай болары сөзсіз. Сондықтан, психолог уақытты жоғалтпай, дер кезінде аурудың алдын алуға шақырады.
– Өкінішке орай біздің ауданда да вирус жұқтырғандар тіркелуде. Білікті дәрігерлер мен азаматтардың төзімділігінің нәтижесінде аурудан емделуде. Статистикада емделіп шыққан жандардың саны жоғары екені барлығымызға белгілі. Сол үшін де ауру жұқтырсаңыз еңсеңізді ерте түсірмеңіз. Одан гөрі барлық күшіңізді емделуге жиған абзал. Эмоцияны басу үшін шылым немесе алкогольды сусындарды пайдалану дұрыс емес. Ол онсыз да зиянды зат болып саналатындықтан ауруды одан сайын ушықтыруы әбден мүмкін. Қазір түрлі форматта танымдық ақпарат көздері таратылуда. Міне, солардың ішіндегі тек ресми дереккөздерге сеніп, індеттің ушықпауының мейлінше алдын алуға тырысу керек, – дейді психолог.
Десе де бізге керегі ауырып ем іздеу емес, ауырмаудың жолын іздеу. Бұл орайда Жұлдызай Бақтиярқызының басты кеңесі – сақтық шаралары. Иә, бұл сөз вирус анықталған күннен бастап айтылып келеді. Алайда, дәл осы сөз, сол сөздің нәтижесінде жасалған іс-әрекет – адам денсаулығын сақтап қалмақ. Қолымызды тазалап жуу күнделікті әдетке айналып үлгерді. Енді карантин талаптары, оның ішінде оқшаулану шартын қатаң сақтану маңызды. Осы кезде, барлық отбасы мүшелері үйде болған уақытта отбасылық кикілжіңді болдырмау қажет-ақ. Бұл орайда психолог отбасылық жиын өткізіп, ертеңгі күнге жоспар құруды ұсынады. Жоспар барысында әрбір отбасы мүшесінің жеке ойы, қызығушылығы ескерілу қажет. Сонда отбасының татулығы мен ұйымшылдығы сақталып қалмақ.
Елдің болашағы – жастар. Міне, сол жастардың осындай қиын кезеңде өзінің денсаулығын аман сақтауы, салауатты өмір салтын ұстануы өте маңызды. Сол себептен психолог жастарға әрбір күнін үшке бөлуді ұсынады. Яғни 8 сағатын ұйқыға, 8 сағат білім алу, ізденуге арнаса, қалған уақыт қызығушылығына, ойын-күлкі мен көңіл көтеруге арналуы тиіс. Баланың өзін жақсы сезінуі үшін отбасылық фильм көру, түрлі ойын ойнау да үлкен әсер ететінін ата-аналар естен шығармау керек.
Қазіргі таңда жастардың күйзеліске түсуі, қоғамнан тыс өмір сүруі жиілеп кетті. Олар қоғаммен, халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, жанына жақын достар табуы тиіс. Сол кезде ғана үлкен өмірде өз орнын тауып, бар қиыншылыққа төтеп бере алады. Қазір «Жастар денсаулығы орталығы» жұмыс істейді. Облыс көлемінде құрылған орталыққа аудан жастары тегін қоңырау шалып (8-800-080-22-26), анонимді түрде көмек пен кеңес ала алады.
– Жұмыс барысында бізге болашақ аналар, яғни жүкті әйелдер көп жүгінеді. Олар өз баласының денсаулығына алаңдайды. Бұл орайда түрлі кеңестер айтып, қорқынышты жеңуге жәрдемдесеміз. Ең бірінші айтатынымыз – күйзеліске түспеу. Адам бойындағы барлық аурудың 80 проценті күйзелістің кесірінен пайда болады, – дейді аудандық емхананың психологы Ж.Исаханова.
P.S.
Иә, айналып келгенде барлығы – күйзеліске тіреледі. Өмірдің әр ұсақ-түйегіне қуана білген адам ғана өзін бақытты сезінеді. Сол үшін тек позитивті ойлап, болашаққа жоспар құруды әдетке айналдырған дұрыс. Әрбір адам өзінің және дәрігердің күшіне сенсе, сақтанып жүрсе – бұл індетті оңай еңсеретініміз сөзсіз. Ендеше, індетпен күресті өзімізден бастайтын, дәрігерлердің еселі еңбегін қоштайтын уақыт келіп жетті.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
08 шілде 2020 ж. 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 078

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031