Әкеге қарап ұл өсер...
Отбасының алтын діңгегі һәм арқа сүйер тірегі әкенің орны әрбір әулет үшін ерекше. Баласының болашағы үшін қажырқайратын сарқа жұмсап, отбасының келешегін қалыптастыру жолында орасан еңбек ететін бір жан болса, ол – әке. Әкелер күні қарсаңында Тұрмағамбет ауылының тұрғыны, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып, олардың қуанышына кенелген бақытты әке Бітімбек Пазлиев туралы қалам тербемекпіз.
Елге барарда арнайы жоспар қажетақ. Сан саланы қамтитын мамандықта түрлі тағдыр иесімен кездесесің. Олардың өмірге, жетістікке деген жігері қаламыңа қан жүгіртеді. Талай қызық пен шыжыққа куә болып келеміз. Бірде – діттеген шаруаң шешілмей салың суға кетсе, енді бірде – ауылдағы дархан даралардың пейіліне семіресің. Сондай бір сапарда қолға ұстаған қойын дәптер құнды дүниемен қомпиып қайтқаны бар.
«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» емес пе? Бұл жолы дәл солай болды. Шілдехананың үстінен түстік. Буы бұрқыраған жез самауырдың шайын ішіп, арқа-жарқа болған отбасы «Құдайы қонақ келді деп» қуана қарсы алып, төріне шығарды бізді. Кенжесі Наурыз алғаш әке атанып, перзентханадан бөпесін шығарып әкелген бойы. Төрде төредей, төбедей боп отырған әкеміздің жүзіндегі жарқын жымиысқа қарап жүрегің елжірейді. Неткен махаббат. Сәбиге, ұрпағына, отбасына деген кіршіксіз сезім мен шексіз шүкірлік. Көз де, сөз де тимесін дейсің, ішіңнен күбірлеп.
Иә, біз бұл үйге қалай келдік? Қандай мақсатпен?
Тұрмағамбет топырағы текті тұлғалармен танымал. Жүз жырау да, күміс көмей әнші де, суырыпсалма ақын да, батыр да осында туған. Бұл жолы ұрпағымен мақтанатын марқасқа әке мен оның әулеті жайлы жазатын мақаламыздың мазмұнын осы шаңырақ иесі ашатынын айтқан әкімшілік мамандары еш ойланбай осы үйге алып кірді.
Бітімбек Пазлиев 1946 жылы туған. Ырымшыл халықтың ұрпағымыз ғой. Әкесі соғыс аяқталып, елге аман-есен келгенде сүйген сәбиін «бітім болды, баламның қол аяғы бүтін болды» деп Бітімбек атапты. Шаруашылықта біраз жыл механизатор, кейін токарь болып зейнетке шыққан еңбекқор ер әкеден жалғыз екен. Көпбалалы болуды жасынан арман етсе керек-ті. Жақсы жар, өмірлік серігі 33-інде бұйырыпты. Өзінен 14 жас кіші Күләнда Мәлікқызын небәрі 19 жасында атаанасының қолынан ұзатып алыпты.
Күләнда апамыз алғаш келін болған күннің бірінде түс көреді. Түсінде аулада 7 балапан жүр екен. Бірі ағашқа өрмелеп барып, құлап қалыпты.
– Сәлима деген көпбалалы анамен көрші тұрдық. Қуансам да, қиналсам да әңгімемді сол кісіге барып айтатынмын. Алып-ұшып жетіп, түсімді баяндап бердім. «Қарағым, көпбалалы боласың» деді қуанып. Әлі құрсақ көтермеген мен үшін 7 баланың анасы атанам деген ой расымен жай ғана түс төңірегінде қалатын секілді көрінді. Апамның айтқаны айдай келді. 7 перзент сүйдік, бір баламыздан айырылып қалдық. Ұлдарыма кішкентайынан өз әкесін үлгі етіп көрсеттім. Арқа сүйер азаматымды әрқашан жоғары қоямын. «Әкеңнен сұра», «әкеңмен ақылдас» деп қандай істі болсын әкесімен шешкенін құп көремін. Әкесін сыйламаған ұл ертең сені де, болашақ жарын да сыйламай өтеді. Балаларым әкесін «көке» деп атайды. Ол сөздің түпкі мағынасы «көк» деген ұғымнан пайда болған. Қазір мінезі қыз балаға тартып кеткен ер баланың көбеюі мен оң жақта отырған қыздарымыздың жүкті болып жатқаны да ойлантпай қоймайды. Түптеп келгенде барлығы отбасындағы тәрбиеден, – дейді ағамыз бен балалардың бабын жасап, үй шаруасында отырған анамыз.
Ал Бітімбек аға өз сөзінде: – Әкем жасымнан атқа мінгізіп, алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел, деп жіберетін. Бұл игі дәстүрдің ұмытыла бастағанына бәлки өзіміз кінәлі шығармыз. Үлкен кісілер бала бойындағы жақсыжаманды қасиетті байқаса, ең бірінші әке мен ата тегіне тартқан дейтін. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала" деп бірінші ер адам тәрбиесін ауызға алатын. Иығыма әке деген жауапкершілік жүгі түскен соң барынша сол міндетті абыроймен алып жүруге тырысып келемін. Ұлдарым елгезек, еңбекқор. Бастысы бойларында рух пен жігіттік намыс басым. Біздің бағыт-бағдар бергеніміз болмаса өздері оқыды, өздеріне лайық жұмыс тапты, сол қызметтерінде лайықты бағасын алып жүр. Біз амандығын тілеп, алдарында ақылшы боп отырған жайымыз бар, – дейді жаймашуақ қалыппен.
Тұңғыштары Мұрат – Қызылордада «Күзет» бөлімі батальон командирінің орынбасары, түрлі спорттық сайыстың жеңімпазы. Жақында ғана «майор» шенін таққан. Министрдің алғысына ие. Ермекбегі – №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі. Мінсіз қызметі үшін Президенттің қолынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін таққан. Өрт пен түрлі оқысоқиғаларда адам жанын арашалап қалғаны ескеріліп, бірнеше марапат берілген. Дарын – келісім-шарт бойынша әскери қызметкер. Оның да бір басына жетерлік жетістігі бар. Шаттық – бірнеше оқу орнын бітірген білікті мұғалім. Озат шәкірт тәрбиелегені үшін арнайы алған сыйақылары бар. «Миллионер мұғалім» деуге болады. Эльмира да өзі таңдаған мамандықпен еңбек етеді. Ал шаңырақтың иесі, ағаларының тынысы Наурыз – шаруашылықта бригада есепшісі. Бос уақытында спортпен айналысады. Ұлдардың бәрі де Отан алдындағы әскери борышын өтеген. Келін де, күйеубала да адалынан бұйырған. Әрқайсысы бір-бір шаңырақтың түтінін түтетіп, ата-анасын тек жақсы жаңалығымен қуантуда.
Ел арасында ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып, немере-шөбересін әлпештеп өсіріп, шаңырағынан шаттық лебі ескен осындай өнегелі отбасылардың көптігі қуантады. Қоғамда абыройлы, беделді азаматтар көп. Олардың шын бейнесі ұл-қызына берген тәрбиесі арқылы көрінеді.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)