«Рухани жаңғырудың бастауы – ұлттық сана, тірегі – отбасы!»
ЖОСАЛЫ, 26 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Білім беру ұйымдарында отбасының ұлттық рухани байлығын көтеру, бала тәрбиесіндегі ролін көтеру мақсатында «Рухани жаңғырудың бастауы – ұлттық сана, тірегі – отбасы!» ұранымен 2020 жылдың 26 ақпан күні ата-аналар жиналысы №250 мектеп-лицейде білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Ата-аналардың рухани байлығын көтеру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мағынасындағы жиналыс өз мәнінде өтті.


Аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров «Отбасының құндылығы – мемлекеттің беріктігі » тақырыбында ,«Тегіңді сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды сақтаймын десең қызыңды тәрбиеле!» тақырыбында білім бөлімінің басшысы Д.Нәзікбаев «Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы» тақырыбында №273 мектептің директоры Ғ.Ұзақбаев , «Ұлтыңды ойласаң, рухты ұрпақ тәрбиеле» тақырыбында №109 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Сәденов ой бөлісті. Ата-аналарға арналған арнау оқылып, Екінші бөлімде ұлын ұяға, қызын қияға орналастырған, ұстанған отбасылық тәрбиесімен, мәдениетімен, шеберлігімен үлгілі жақтарымен дараланған отбасыларды аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Игі істер жалғасын таппақ.