» » «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

«Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

№277 орта мектебінің мәжіліс залында «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.Бірінші болып «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ә.Дәуленбаев «Отбасы құндылығы» тақырыбында хабарлама жасады. Ата-аналарды отбасы мерекесімен құттықтай келе, отбасы- ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта,отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізетіндігін атап өтті. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажеттігін, толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке - бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшелерінің құқығы қорғалуы тиіс екендігін сөз етті. Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болатындығын, бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіретіндігін айтты. Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлердің мол екендігін, сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын тауып отырғандығын,отбасында халықтық рухани-интеллектуалдық мұраларды, мәдени құндылықтарды жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу - өмірдің талабынан туындап отырғандығын, сондықтан отбасы құндылықтарын сақтап, бала тәрбиесіне аса мән беру керектігіне тоқталды...
Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі – тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Махамбетова Ж.С.презентация арқылы хабарлама жасады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бо¬ла¬шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге мән бере отырып,замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет», деп атап көрсет¬ті деп мәлімдей келе ,ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі екендігін ,ұлттық рухани құн¬дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіндігін, ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі екендігін түсіндірді.
Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының өзектілігі – білім беру мен тәрбие жүйесін дамыту, бәсекеге қабілетті, санасы ашық, XXI ғасырға лайықты саналы азаматты тәрбиелеу. Өзінің Отанына деген махаббат – кіші отаннан, яғни отбасынан басталатындығын, басымдылығы - салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, білім алуға деген ұмтылысын, алған білімді қолданысқа түсіру құзыреттілігін, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,әлемдік білім стандартына қол жеткізу керектігін, міндеті – бағдарламаны жүзеге асыруға халықты, оқытушыларды, оқушыларды, ата-аналарды, бизнес өкілдері басқа да қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, кіші жобаларды және іс—шараларды жоспарлау, жүзеге асыруға басшылық жасау,мониторинг,толықтыру және аяқтау екендігін түсіндірді.
Бағдарлама «Отаным - тағдырым», «Өлкетану» , «Саналы азамат» бағыттары, оның мақсаттары туралы, бүкіл республика көлемінде жұмыс жүріп жатырғандығы туралы хабардар етті.
Одан әрі Мектеп директоры, қармақшы аудандық мәслихат депутаты Ж.К.Тілеуғабылова «Оқу процесін цифрландыру» тақырыбындағы баяндамасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамды цифрландыру процесін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың аса маңызды тетігі ретінде айқындағанын хабардар етті.
18 мамыр 2018 ж. 2 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 058

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031