» » Көктемгі жаттығу пысықталды(фоторепортаж)

Көктемгі жаттығу пысықталды(фоторепортаж)

ЖОСАЛЫ, 1 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Өңірде «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Оған себеп, күз айында аудан іргесіндегі Сырдария өзені ернеуінен тасып, «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» халықаралық тас жолының екі бетіне су жиналып қатты. Қазіргі таңда дарияда мұз жоқ. Дегенмен көктемде, мұз еріп жолды су шайып кету қаупі бар. Оқу-жаттығу осы аймақта пысықталды.
   Оқиға 26 ақпанда сағат 10.00 – де өрбіді. Жосалы кентінен төмен қарай 43 шақырым жерде «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» халықаралық тас жолында ВАЗ автокөлігі жолдың опырылған жеріне түсіп кеткендігі жөнінде кент тұрғынынан №10 ӨСБ-нің «112» телефон нөміріне ақпарат келіп түсті. Ақпарат алу барысында автокөлік ішінде екі адамның бары анықталды.
   10.02-де №10 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетінің радиотелефонисі оқиға орнына құтқарушылар мен жедел-жәрдем қызметін және шұғыл әрекет ету жасақтарын жіберді.
   10.25-те Қармақшы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің ұйымдастыруымен авариялық-құтқару қызметтері, оның ішінде №10 Өрт сөндіру бөлімінен 1 техника, 6 қызметкер оқиға орнына жұмылдырылып, суға түсіп кеткен автокөлікті шығарды. Автокөлік ішіндегі зардап шеккен жолаушыларды ТМҚБ қызметкерлері мен жедел-жәрдемге тапсырды.
   Оқиға орнында қоғамдық тәртіпті сақтау тобының күшімен жол қозғалысы тоқтатылды. Жол кептелісін болдырмау мақсатында «ҚазАвтоЖол» мекемесінің хабарламасы арқылы барлық байланыс операторларға, «Фейсбук», «Инстаграм» желісіне жол жабылғаны жөнінде ақпарат жіберілді.
   11 сағат 10 минутта оқиға орнында инженерлік қызметтен 15 қызметкер және 5 техника жұмылдырылып, «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» халықаралық дәлізі қайта қалыпқа келтірілді.
   Осылайша қауіптің беті қайтарылып, жаттығу барысында қатысушылар мен құтқарушылар өз қызметіне сақадай сай екенін дәлелдеді. Төтенше жағдайды жоюға барлығы 14 техника 60 адам жұмылдырылды.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
01 наурыз 2020 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031