» » Қамдана білген қапы қалмайды

Қамдана білген қапы қалмайды

ЖОСАЛЫ, 23 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Сырдария өзенінің арнасынан су тасу қаупінің алдын алу шарасы күн тәртібінде. Осыған байланысты өзен жағалауын нығайту жұмысы әлі де жалғасын таппақ.
Жосалы кентінен төмен 5 шақырым жерде Сырдария өзенінің Кеңтоғай учаскесінде мұз кептелісі салдарынан өзен арнасынан су асып, ой жерлермен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің жиегіне дейін жайылған болатын. Айта кететін жайт, аталған учаскеде қорғаныс бөгеті жоқ. Аумақ – су жайылу аймағына жатады. Аталған жағдайға байланысты аудан әкімдігінің тарапынан тиісті шара қабылданды. Жолға су жайылуды болдырмау үшін ұзындығы 600 метр болатын жол жиегін топырақпен бекіту жұмысы жүргізілді.
Мамандар Белтақыр учаскесінде 500 метр, Сарыөзек тұсында 600 метр шамасындағы бөгетті шегендеуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 20 миллион теңге қаржы қаралды.
– Көтерілген деңгейі біздің жолдан 6 сантиметр 8 мм жоғары болды. Бөгетті тұрғызбағанда жолды шайып кететін еді. Судың деңгейі қазір түсті. Күннен күнге түсіп жатыр. Су шаруашылығы бөлімімен күнде қарым-қатынастамыз, – дейді «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Тоқтаров.
Өткен жылы желтоқсан айында да Қорқыт станциясы мен Қызылтам ауылы маңындағы екі жарым шақырымдай өзен иіні қой тастармен көмкерілген болатын. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында 1628 шақырымынан бастап 600 метрдей жерге су тасқынынан қорғау мақсатында бөгет жасалған. Осының арқасында халықаралық автобан қатынасы үзілген жоқ.
– Су жайылу аумағы деп біз 5 учаскені белгілеп отырмыз. Оның бер жағында желтоқсан айында су көтерілген кезде осы дарияның жиегінде орналасқан шаруа қожалықтары бар, бәріне ескертпе хаттарын беріп, оларға дер кезінде көмегімізді беріп, малдарын алдын ала алуына көмектестік. Енді алдағы уақытта ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев.
Бүгінде кент пен елді мекендерге, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіне қауіп төніп тұрған жоқ. Десе де су тілсіз жау екенін ескеріп, Сырдария мен Қараөзек бойында орналасқан тұрғындарды қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырамыз. Бұл мәселе аудан басшылығының үздіксіз бақылауында.

Ая Айдар
23 қаңтар 2020 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031