» » Өзен жағалауындағы қорғаныс бөгеттері нығайтылып жатыр

Өзен жағалауындағы қорғаныс бөгеттері нығайтылып жатыр

Қармақшы ауданының тұсында биыл да өзен жағалауын нығайту жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар Белтақыр учаскесінде 500 метр, Сарыөзек тұсында 600 метр шамасындағы бөгетті шегендеуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 20 миллион теңге қаржы қаралды. Өткен жылы желтоқсан айында да Қорқыт станциясы мен Қызылтам ауылы маңындағы екі жарым шақырымдай өзен иіні қой тастармен көмкерілген болатын. Сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында 1628-шақырымынан бастап 600 метрдей жерге су тасқынынан қорғау мақсатында бөгет жасалды. «Осының арқасында халықаралық автобан қатынасы үзілген жоқ», - дейді мамандар.
Нұрлан Тоқтаров, «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалының бөлім басшысы:
- Көтерілген деңгейі біздің жолдан 6 сантиметр 8 мм жоғары болды. Бөгетті істімегенде жолды шайып кететін еді. Судың деңгейі түсті қазір. Күннен күнге түсіп жатыр. Су шаруашылығы бөлімімен күнде қарым-қатынастамыз.
Жалғас Сүйеубаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары:
- Су жайылу аумағы деп біз 5 учаскені белгілеп отырмыз. Оның бер жағында желтоқсан айында су көтерілген кезде осы Дарияның жиегінде орналасқан шаруа қожалықтары бар, бәріне ескертпе хаттарын беріп, шаруа қожалықтарға дер кезінде көмегімізді беріп, малдарын алдын-ала алуына көмектестік осы аудандық әкімдік тарапынан. Енді алдағы уақытта ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.



08 қаңтар 2020 ж. 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 383
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 175

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930