Ғұмырлы бол, тәуелсіз елім менің
Егемендік барлық елге бұйыра бермейтін бақыт қой... Еліміз тәуелсіздік алғалы биыл міне жиырма сегіз жыл. Бұл мерекенің маңызы зор. Сондықтан да бұл бақытқа жеткізген алдыменен Аллаға, содан соң әрине Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа алғыс айтамыз. Бала күнімізден үйде әкем үнемі Елбасының жасаған ерлік істерін үлгі етіп айтып мақтан тұтатын. 1992 жылы туған інімнің есімін көшбасшының құрметіне Нұрсұлтан деп қойды. Бұл күнді ата-бабамыз қанша армандады десеңші... Қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын батырлар: XVIII-XIX ғасырдағы Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Амангелді Имановтың патша үкіметінің озбыр саясатынан құтылып, азат болуымызды арман етті. Бірнеше көтеріліске қатысқанымен, алауыздық салдарынан аяусыз жаншылған еді. Осы батырлар қанынан жаралған ұрпақ, кешегі 1986 жылғы желтоқсанның ызғары мен Кеңес үкіметінің қатаң да әділетсіз саясатына қарамастан еліміздің бостандығын, еркіндігін, азаттығын аңсап, алаңға шықты. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхаммеджанова сынды аға-әпкелердің ерлігін елемей кету мүмкін емес. Бұл батырлар өмірден тым ерте кеткенімен, соңынан ерген мына біздей ізбасарлар оларға әркез бас иеміз. Тәуелсіздігін алған соң болашаққа қадам басқан еліміз, Қазақстанның атын әлемге танытып, жастарға шет елде еркін білім алуға жол ашылды. Мемлекеттермен бейбіт саясат жүргізіп, алдыңғы қатардан көріне білді. Бұл – Елбасының дара да сара саясатының арқасында іске асты.
Гүлдана ДОСАМАНОВА,
№269 орта мектеп мұғалімі
№269 орта мектеп мұғалімі